Бәйбекке сенбеген Мәсімов әкімнің айтқандарына өзі көз жеткізгісі келеді
21 Июня 2016
1976
Байбек,
Алматы,
Мәсімов
Алматы. 21 маусым. Ақпараттар орталығы. Бүгін селекторлық режімде өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің қалада өткен жауынның салдарын жою аясында қабылданған шаралар туралы есебін тыңдады, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазіргі уақытта Алматының біріктірілген аумағын ескерсек, жалпы ұзындығы 221 шақырым болатын 28 өзен бар. Осыған байланысты мүмкін 21 су тасқыны учаскесі алдын ала анықталған. Ақпан мен наурыз аралығында коммуналдық қызметтер ұзындығы 188 км болатын өзендерді, арналар мен арық желілерін тазалады, 5000 астам текше метр қар, 17 мың текше метрден астам қатты тұрмыстық қалдық шығарылды», - деді әкім.
Оның айтуынша, «тек мамыр айында орташа норма - 108 мм кезінде нормадан екі есе артық - 200 мм жауын-шашын түсті, ал 17 маусымда айлық норма - 600 мм кезінде 3 сағаттың ішінде 47, ал тірек жерлерде 50 мм дейін жауын-шашын жауды».
Ол мұндай аномалды жағдай соңғы рет 1957 жылы болғанын айтып өтті. Б.Байбек 17 маусымда барлығы қала аумағында 94 су басу оқиғасы орын алғанын хабарлады. Олардың ішінде жеке тұрғын үйлерде - 25, аулалар аумағында - 69
.
«ТЖ жөніндегі департамент базасында салдарды жою үшін азаматтық қорғау қызметі, 110 адамнан тұратын аудандардың коммуналдық қызметтері, 28 техника бірлігін тартумен штаб құрылды. Барлық мәселелер шешілді. Нәтижесінде кешке қарай су басқан негізгі жерлер тазаланып, таңға қарай жалпы қала бойынша барлық жұмыстар аяқталды», - деді Б. Байбек.
Оған қоса, қала басшысы аталған жағдай тұрақты бақылауда екенін айтып өтті.
Өз кезегінде, премьер-министр әкімнің баяндамасын тыңдаған соң таяу уақытта Алматыға барып, бұл жұмысты жеке бақылайтынын жеткізді.
«Таяу арада Сіздерге баруды жоспарлап отырмын. Сіздің жаңағы айтқандарыңызды өз көзіммен көріп шыққым келеді. Сізбен бірге жаңағы айтқан жерлермен жүріп өтеміз. Қай күні екенін кейін белгілеймін», - деді К.Мәсімов әкімге қарата сөйлеген сөзінде.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Конституционный Суд и Офис ОБСЕ обсудили совместные инициативы на 2026
ru Дархан Сатыбалды провел встречу с инвесторами и предпринимателями Алматы
ru Более полумиллиарда тенге ущерба возмещено по делу в сфере образования
ru МВД предупредило о схеме удаленного доступа к смартфонам через вредоносные
ru Реконструкция вокзалов Жанакорган, Шиели и Казалы приближается к завершению
ru Президент США охарактеризовал Казахстан как прекрасную и богатую страну
ru Более 102 тыс. вакансий размещено на Электронной бирже труда с
ru Аграрии Жамбылской области готовятся к посевной
ru Полиция пресекла факт незаконного оборота мефедрона в Алматы
ru Международный аэропорт Семей привлечен к административной ответственности
ru В столице представили редкие рукописи VIII–XIX веков
ru Касым-Жомарт Токаев поздравил верующих с началом месяца Рамазан
ru 14,3 млрд кубометров составляет свободная емкость в водохранилищах Казахстана для
ru С начала года казахстанцам выплачено пенсий на сумму более 395
ru Канал сбыта наркотиков каннабисной группы пресечен в Жамбылской области
ru Спасатели МЧС предотвратили взрыв в жилом доме
ru Более 40% всех ПИИ — вклад Алматы
ru Деятельность незаконного онлайн-казино расследует АФМ в Мангистауской области
ru Импульс на рынке труда: в Алатау в Алматинской области предложены
ru Школьники задержаны за «телефонное» хулиганство в Алматы
ru Ликвидированы подпольные цеха по производству снюса в Туркестанской области
ru $400 млрд к 2029 году составят инвестиции в промышленный каркас
ru Президент направил телеграмму поздравления Генеральному секретарю ЦК Компартии Вьетнама
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Председателю КНР
ru Опознанное тело оказалось чужим: суд отменил запись о смерти
ru Запущен проект по обеспечению сёл высокоскоростным интернетом
ru В КазНУ открылся казахстанско-сингапурский центр квантовых технологий
ru Около 1 700 единиц спецтехники задействовано в снегоуборочных работах в
ru В 2026 году в Казахстане ведется строительство 90 новых школ
ru В Алматы завершена пробивка тоннелей до новой станции метро

+77772555856
Написать нам




